Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік4-бөлім · 22-тарау

224-бап. Резиденттікті растау тәртібі

Бап мәтіні

1

Резиденттік резиденттің қосарланған салық салуды болғызбау және салықтар төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартты қолдану мақсатында және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қолдану үшін өзге де мақсаттарда расталады. Салық органы резиденттің салықтық өтініші негізінде резиденттікті растайтын құжат береді. Резиденттікті растау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

2

Салық төлеушінің резиденттігін растауды осындай салық төлеуші тұрған жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы жүзеге асырады.

3

Резиденттік:

1) жеке тұлғаның резиденттігін тануға алып келетін жағдай туындаған күннен бастап көрсетілген жағдай туындаған күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезең үшін;

2) жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болған жағдайда оның алдыңғы күнтізбелік жылдағы резиденттігі расталған жағдайда күнтізбелік жылға;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмірлік мүдделер орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғаның резиденттігін растауға арналған өтініште көрсетілген күнтізбелік жыл үшін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына да сәйкес құрылған, сондай-ақ тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан, шет мемлекеттің заңнамасына да сәйкес құрылған заңды тұлға тіркелген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезең үшін расталады. Келесі жылдары заңды тұлғаның резиденттігі күнтізбелік жылдың басынан осы күнтізбелік жылдың соңына дейін расталады.

4

Резиденттік өткен және (немесе) ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін расталады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.