225-бап. Бейрезиденттер
Бап мәтіні
¶ 1
Бейрезидент – осы Кодекстің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға. Бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында:
1) тұрақты мекеме құрмай;
2) тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыруы тұрақты мекеменің құрылуына әкелуі мүмкін.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.