Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік4-бөлім · 22-тарау

229-бап. Бейрезидент тәуелді агент арқылы қызметті жүзеге асырған кездегі бейрезиденттің тұрақты мекемесі

Бап мәтіні

1

Бейрезидент қызметті Қазақстан Республикасының аумағында тәуелді агент арқылы жүзеге асырған жағдайда, мұндай қызмет осындай қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тұрақты мекеменің құрылуына алып келеді.

2

Тәуелді агент – бейрезидентпен шарттық қатынастар негізінде:

1) Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге;

2) бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңдық әрекеттер жасауға, оның ішінде шарттар жасасуға уәкілеттік берілген тұлға. Тәуелді агенттің қызметі дайындық немесе көмекшi сипаттағы қызмет түрлерімен шектелмейді. Осы тармақтың ережесі кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметіне және өзге де брокерлік қызметке (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) қолданылмайды.

3

Қазақстан Республикасында тауарлар запасының сақталуын қамтамасыз ететін және (немесе) мұндай тауарларды өз атынан немесе бейрезиденттің атынан тұрақты түрде жеткізетін тұлға да тәуелді агент деп танылады.

4

Егер еншілес ұйым осы баптың 1-тармағына сәйкес тәуелді агент деп танылса, бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған еншілес ұйым арқылы жүзеге асырылатын қызметі бейрезиденттің тұрақты мекемесінің құрылуына алып келеді. Резидент-заңды тұлғаның капиталына бейрезиденттің қатысуы мұндай резидент-заңды тұлғаны бейрезидент қатысушының тәуелді агенті деп тануға негіз болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.