Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік15-бөлім · 73-тарау

691-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның салық органында тіркелмеген не мерзімдерін бұза отырып тіркелген Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметінен түсетін кірістеріне салық салу тәртібі

Бап мәтіні

1

Бейрезидент-заңды тұлғаның салық органдарында тіркеу есебіне қоюды жүзеге асырмаған, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алатын кірістеріне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдер жүзеге асырылмай төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.

2

Қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, салық органдарында тіркеу есебіне қоюды осындай есепке қою мерзімдерін бұза отырып жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға тұрақты мекемені құруға алып келген кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап ретроспективті түрде:

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап, салық агентінің міндеттемелерінен басқа, салықтарды төлеу бойынша туындаған салықтық міндеттемелерді есептеуге;

2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салықтардың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге міндетті. Қазақстан Республикасындағы бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы салық агентінің осындай бейрезидент-заңды тұлғаның көрсетілген кезеңдегі кірістерінен төлем көзінен ұстаған корпоративтік табыс салығының сомасына азаяды. Корпоративтік табыс салығын азайту салық агентінің салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.