Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік15-бөлім · 73-тарау

689-бап. Таза кіріске салық салу тәртібі

Бап мәтіні

1

Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза кірісіне 15 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады. Таза кіріс мынадай тәртіппен айқындалады: осы Кодекстің 24-тарауында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын кіріс алу осы Кодекстің 357-бабында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 24-тарауында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісті көбейту арқылы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.

2

Корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

3

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға таза кірісіне корпоративтік табыс салығын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде тұрақты мекеме тұрған жердегі бюджетке төлеуді жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.