Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік19-бөлім · 88-тарау

768-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есептейді және аталған сома бюджетке:

1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемақысын шегергенде, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде;

2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі төлемақы түрінде төленуге жатады.

2

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі міндеттеме – жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған, бірақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптары бойынша жасалуға тиіс, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша – жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.