Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік19-бөлім · 88-тарау

767-бап. Төлеушілер

Бап мәтіні

1

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқанға дейін келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.

2

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде: пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілсе; пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа жатпайтын болса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеуші болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.