Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік19-бөлім · 87-тарау

764-бап. Қол қою бонусын төлеу мерзiмдерi

Бап мәтіні

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қою бонусы салық төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке: – салық төлеуші конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап; – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап; – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылысжайларды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған күннен бастап; – жерасты суларын өндіруге рұқсат алынған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

2

Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.