760-бап. Төлеушiлер
Бап мәтіні
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың біріне сай келетін:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың (аукционның) жеңiмпазы болған;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойған;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірiн: барлауға арналған келісімшартты; пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты; бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты; жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны; жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны; кен іздеушілікке арналған лицензияны жасасқан (алған) тұлға қол қою бонусын төлеуші болып табылады. Тиiстi келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiру құқығын алуға айрықша құқық негiзiнде келісімшарт жасасқан тұлға барлауға арналған осындай келісімшарт жасалған кезде оны төлегенде қол қою бонусын төлеуші болып танылмайды. Осы бөлімнің мақсаттары үшін "Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін конкурс" ұғымы "Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін аукцион" ұғымымен бірдей.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.