663-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
Бап мәтіні
¶ 1
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
¶ 2
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне мемлекеттік баж сомаларын төлеу жөніндегі міндетті осындай құрылымдық бөлімше мүддесі үшін тиісті уәкілетті органдар заңдық мәні бар әрекеттер жасаған кезде жүктеуге құқылы.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.