Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік15-бөлім · 71-тарау

682-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

Бап мәтіні

1

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады:

1) осы тармақтың 2) – 9) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 679-бабында айқындалған кірістер – 20 пайыз;

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 пайыз;

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 пайыз;

4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер – 5 пайыз;

5) осы тармақтың 6) – 7) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти – 15 пайыз;

6) дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға капиталының кемінде жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаға төленетін дивидендтер: № Салық салынатын кіріс сомасы Мөлшерлемесі 1 230 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда) 5 пайыз 2 230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары* 230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кіріске салынатын салық сомасы* + одан асатын сомадан 15 пайыз *осы баптың 6) және 8) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

7) кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар – 10 пайыз;

8) осы Кодекстің 693-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер: № Салық салынатын кіріс сомасы Мөлшерлемесі 1 8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда) 10 пайыз 2 8 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары* салық салынатын кірістен алынатын салық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінде* + одан асатын сомадан 15 пайыз

9) құмар ойындағы ұтыстар және (немесе) бәс тігу түріндегі кірістер – 10 пайыз. Салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен халықаралық шартта белгіленген мөлшерлемелерді қолдануға құқылы.

2

Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.

3

Осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады. Осы баптың ережесі Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.