Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік13-бөлім · 68-тарау

609-бап. Салықты есептеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 606-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

2

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы – белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы – белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.