607-бап. Салық мөлшерлемелері
Бап мәтіні
Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
1) ойын үстелі – айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматы – айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;
3) тотализатор кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
4) тотализатордың электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;
5) букмекерлік кеңсе кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.
Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері салықтық кезеңнің 1-іне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.