Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік12-бөлім · 67-тарау

604-бап. Құнның шекті мөлшерінен асқан кезде салықты есептеу мен төлеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Жеке тұлғалардың осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көзделген, олар бойынша салықтық база құнның шекті мөлшерінен асатын салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Салықты есептеу салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) салық төлеушіде салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына меншік құқығында бар барлық салық салу объектілері бойынша салықтың жиынтық сомасы салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады;

2) салықтық базаға енгізілген әрбір салық салу объектісі бойынша салық сомасы мынадай формула бойынша айқындалады: салықтың жиынтық сомасы * салық салу объектісінің құны/салықтық база.

2

Салық төлеу салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша бюджетке салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.