Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік12-бөлім · 67-тарау

601-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Бап мәтіні

Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 64, 65 және 66-тарауларында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады. Осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 591-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сәйкес айқындалатын және салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғынжай және басқа да объектілер, сондай-ақ осындай тұрғынжайлар және басқа да объектілер тек қана тұру мақсаттары үшін жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген шарттар сақталған кезде, осындай тұрғынжай және басқа да объектілер алып жатқан жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері деп танылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.