Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік11-бөлім · 64-тарау

585-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілік ұсынудың ерекшелiктерi

Бап мәтіні

1

Бiрнеше салық төлеушiнiң пайдалануындағы ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы ғимараттар мен құрылыстардың алаңына пропорционалды түрде әрбір салық төлеушi бойынша жеке-жеке есептеледi.

2

Осы Кодекстiң 571-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ғимараттың бiр бөлiгiн не құрылысжайдың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық ғимараттың, құрылысжайдың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берiлген ғимараттың бiр бөлiгi не құрылысжайдың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

3

Заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы ғимараттар мен құрылысжайлар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерiне осы Кодекстiң 577-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.