Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік11-бөлім · 64-тарау

584-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

Бап мәтіні

1

Салық төлеушілер салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жер салығының сомаларын дербес есептейді.

2

Салықтық кезең ішінде салық салу объектілеріне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесін иеленудің іс жүзіндегі кезеңі үшін есептеледі. Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ол жер учаскесін беретін айдың басына дейін есептейді. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесіне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшін есептейді.

3

Салық төлеуші жер салығын салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

4

Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріс жасалған күнге дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылған елді мекендердің жер учаскелері бойынша жер салығы осындай учаскелер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған жағдайда, осы Кодекстің 576-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.