478-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру
Бап мәтіні
Мүлікті қаржы лизингіне беру, егер мұндай беру осы Кодекстің 213-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келсе, лизинг берушінің алуына жататын сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
Мынадай шарттардың біреуі сақталған кезде:
1) берілетін мүлік осы Кодекстің 474-бабы бірінші бөлігінің 29) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса;
2) берілетін мүлік осы Кодекстің 508 немесе 509-баптарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығы төлене отырып импортталса, осы Кодекстің 213-бабының талаптарына сәйкес келетін, мүлікті қаржы лизингіне беру сыйақы сомасы есепке алынбай, барлық кезеңдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.