Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 48-тарау

475-бап. Халықаралық тасымалдарға байланысты айналымдар

Бап мәтіні

1

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, осы Кодекстің 468 және 522-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдарға байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:

1) тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу);

2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарына ауыстыру;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттік жүктерді экспедициялау;

4) вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері;

5) әуеайлақтық және жерде қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтері;

6) халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері;

7) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;

8) тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер.

2

Осы бөлімнің мақсатында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында өзі кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері болып табылады:

1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;

2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;

3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.