Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 36-тарау

349-бап. Бірінші тоқсандағы аванстық төлемдер

Бап мәтіні

1

Есепті салықтық кезеңнің 1-тоқсанындағы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді алдыңғы салықтық кезеңде аванстық төлемдерді төлеушілер болып табылған аванстық төлемдерді төлеушілер төлейді.

2

Есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанындағы аванстық төлемдерді салық органы қосымша есеп-қисаптарды қоса алғанда, алдыңғы салықтық кезеңде аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде бірінші тоқсанның әрбір айы үшін есептейді (есепке жазады).

3

Бірінші тоқсанның әрбір айы үшін аванстық төлемдер бірінші тоқсанның әрбір айының 25-інен кешіктірілмей бюджетке төленуге жатады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.