Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 36-тарау

347-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімі мен тәртібі

Бап мәтіні

1

Салық төлеушiлер осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.

2

Салықтық кезең iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдердің сомасы есепті салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады. Салық төлеушi салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлеудi декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

3

Салық төлеуші салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша осы Кодекстің

33-тарауына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 359-бабының 4-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.