Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік19-бөлім · 91-тарау

803-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы кіріс

Бап мәтіні

1

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жылдық жалпы кірісті келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 244, 250 – 254 және 297-баптарында көзделген, осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған кірістерді қоспағанда, жылдық жиынтық кірісті айқындау үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

2

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында осы Кодекстің 244 және 297-баптарында көзделген кірістер активтердің өткізілуінің, берілуінің және шығып қалуының осы Кодекстің 279, 303 – 316-баптарында көрсетілген толық құны мөлшерінде айқындалады. Осы Кодекстің 250 – 254-баптарында көзделген кірістер көрсетілген активтердің құны үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында шегерімдерге жатқызылған жағдайда, активтердің өткізілуінің, берілуінің және шығып қалуының осы Кодекстің 279, 303 – 316-баптарында көрсетілген толық құны мөлшерінде айқындалады. Осы Кодекстiң 250 – 254-баптарында көрсетiлген, құны үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында шегерiмге жатқызылуға тиісті емес активтердi өткізуден түсетін кіріс мөлшері осы Кодекстiң 250 – 254-баптарына сәйкес айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.