Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік19-бөлім · 86-тарау

754-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелерді есептеу осы Кодекстің 755-бабының 1-тармағында және 756-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бейрезидент осы Кодекстің 688 – 691-баптарына сәйкес қосымша салық салынуға жатады.

3

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны салықтық міндеттеме туындаған күнге қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттемені орындаудан босатпайды.

4

Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар үшін айқындалған тәртіппен осындай құқықтың шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары және бөлек салықтық есепке алуды жүргізу бойынша салықтық міндеттемелерді орындайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.