Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік17-бөлім · 84-тарау

745-бап. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 744-бабында көзделген шарттар сақталған кезде пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімде мынадай преференциялар көзделуі мүмкін:

1) осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімде айқындалған, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, тіркеп-белгіленген активтерді пайдалану арқылы алынған қызмет түрлерінен түскен кірістер бойынша 100 пайызға азайту;

2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде 0 коэффициентін қолдану;

3) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді іске асыру үшін пайдаланылатын объектілер бойынша мүлік салығын есептеу кезінде салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану;

4) технологиялық жабдықтың, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің тізбесі бойынша пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдаланылатын технологиялық жабдықтың, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің импортын қосылған құн салығынан босату.

2

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі осындай келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады және келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.

3

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі келісім жасалған айдың 1-інен басталады және осындай келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.

4

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-інен басталады және (немесе) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан сегіз жылдан кешіктірілмей аяқталады.

5

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасқан тұлға салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.