732-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерін төлеу мерзімдері
Бап мәтіні
¶ 1
Төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын, жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомалар – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;
2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсаны аралығында есептелген сомалар – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде.
¶ 2
Жеке табыс салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.