613-бап. Алым төлеушілер
Бап мәтіні
¶ 1
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
¶ 2
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.