Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік12-бөлім · 66-тарауМКК жауабы

596-бап. Салықтық есептілік

Бап мәтіні

1

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар, егер олардағы салықтың есептік сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен асатын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін салықтың есептік сомасы салықтық кезеңнің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған тиісті салық мөлшерлемесінің және салық салу объектілерінің баланстық құнының туындысы ретінде айқындалады. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық органдарына салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

2

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен және (немесе) шығып қалған кезде ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті (салықтық кезең ішінде) мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде осындай төлемдердің мөлшерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөлумен ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады. Бұл ретте ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша келіп түскен және (немесе) шығып қалған объектілер бойынша ұсынылады.

3

Салық бойынша декларацияны салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде:

1) заңды тұлғалар;

2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;

3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.

МКК: сұрақ — жауап

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын (701.01) кім тапсырады?

Есептік салық сомасы 300 АЕК-тен (жылдың 1 қаңтарындағы) асатын мүлік салығын төлеушілер. МКК түсіндірмесі бойынша бұлар — заңды тұлғалар мен ЖК, оңайлатылған декларациядағы ЖК-ны қоспағанда. (596-бап)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, Салық кодексі бойынша ТОП-50 сұрақ, 06.01.2026. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.