567-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі
Бап мәтіні
¶ 1
Заңды тұлғалар салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салық төлеуді жүргізеді.
¶ 2
Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
¶ 3
Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салықтық кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.