Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 55-тарау

553-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзімдері

Бап мәтіні

1

ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалатын күні уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төленеді.

2

Осы Кодекстің 175-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау жүзеге асырылған кезде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күні қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.

3

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді. Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осындай акцизделетін тауарларды әкелу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

4

Қазақстан Республикасының аумағына импорттау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцизді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар төлеуден босату немесе төлеудің өзге тәртібі сол мақсаттарға байланысты берілгеннен өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, аталған акцизделетін тауарлар осы Кодекстің 537 және 552-баптарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген тәртіппен және акциздер мөлшерлемелері бойынша акциздер салынуға жатады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.