Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 47-тарау

472-бап. Аффинирленген алтынды өткізу бойынша айналым

Бап мәтіні

1

Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Ұлттық Банкке бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

2

Мыналар нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген айналымды растайтын құжаттар болып табылады:

1) салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

2) Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) аффинирленген алтынның саны көрсетіле отырып, Ұлттық Банктің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері. Осы баптың мақсатында салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты деп түсініледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.