Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 38-тарау

358-бап. Салықтық кезең

Бап мәтіні

1

1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл корпоративтік табыс салығы үшiн салықтық кезең болып табылады.

2

Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады. Бұл ретте осы баптың мақсаттары үшін заңды тұлғаның тіркеуші органда мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып табылады.

3

Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салықтық кезең болып табылады.

4

Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға сол жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салықтық кезең болып табылады.

5

Салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде тек қана арнаулы салық режимін қолданған уақыт кезеңі салықтық кезеңге кірмейді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.