355-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
Бап мәтіні
Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агентi төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын төлем көзiнен салық салынатын кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентiнің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеменің тұрған жері бойынша жүргiзедi.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.