Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 30-тарау

322-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шегерімдері

Бап мәтіні

1

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы немесе Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі болып табылатын салық төлеуші мынадай шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

2) туындаған сақтандыру залалдары бойынша міндеттемелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты шығыстар;

3) залал құрауышы түрінде;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша қаржылық шығыстар;

5) қайта сақтандыру активі бойынша күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалаудың амортизациясы бойынша;

6) қайта сақтандыру активі бойынша қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайту бойынша;

7) тәуекелдік түзетуді туындаған залалдар міндеттемесі бойынша қаржылық емес тәуекелге қалыптастыру бойынша;

8) аквизициялық шығыстар;

9) ұсталатын қайта сақтандыру шарттары бойынша маржаның амортизациясы түріндегі шығыстар;

10) қайта сақтандырушыға регрессиялық талаптар мен залалдарды өтеу жөніндегі шығыстар (суброгация);

11) салық төлеушінің кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты өзге де шығыстары;

12) залалдарды реттеуге арналған шығыстар;

13) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты аквизициялық емес шығыстар (жатқызылатын шығыстар).

2

Осы бапта көзделген шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.