Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 28-тарау

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі

Бап мәтіні

1

Есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде шегерімге жатқызылған шығыстар сомасынан кем емес кіріс іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.

2

Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде осындай келісімшарт бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған кіріс ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасынан асып кетсе:

1) осындай асып кету болған салықтық кезеңде – ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасы мен ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған алдыңғы салықтық кезеңдерде жылдық жиынтық кіріске қосылған осындай келісімшарт бойынша кіріс сомасы арасындағы оң айырма мөлшеріндегі кіріс;

2) ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылатын келесі салықтық кезеңдерде – нөлге тең сома ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.