Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік3-бөлім · 20-тарау

212-бап. Қаржы лизингі

Бап мәтіні

1

Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ лизинг нысанасын қайталама лизингке не қосалқы лизингке беру қаржы лизингі болып табылады.

2

Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы айқындалса, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзім ескеріле отырып айқындалады.

3

Лизинг алушының лизинг шарты негізінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін лизинг алушы лизинг нысанасын сатып алушы ретінде қаралады. Лизинг шарты негізінде айқындалатын лизинг нысанасының құны лизинг нысанасы берілетін (алынатын) құн болып табылады. Егер лизинг шартында лизинг нысанасы берілетін (алуға жататын) құн жеке бөлініп көрсетілмесе, онда қосылған құн салығын қоспағанда, көрсетілген құн лизингтің бүкiл кезеңінде төлеуге жататын барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лизинг шартына сәйкес келмейтін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша мүлікті беру қызметтерді көрсету ретінде, ал қосылған құн салығын қоспағанда, төлеуге жататын жалға беру төлемдері, тиісінше, көрсетілген қызметтер үшін төлемақы ретінде қаралады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.