207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары
Бап мәтіні
¶ 1
Шот-фактураны мынадай: қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілер – осы Кодекстің
50-тарауына сәйкес; қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер (бұдан әрі – қосылған құн салығын төлемеушілер) – осы Кодекстің 208 және 209-баптарына сәйкес жазып беруге міндетті.
¶ 2
Шот-фактура осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып беріледі.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.