Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 10-тарау

127-бап. Салықтың асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

Бап мәтіні

1

Салықтың асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі салықтық тексеруді жүргізбестен, салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүзеге асырудан тұрады.

2

Асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін:

1) салықтық мониторингте тұрған, күнтізбелік жыл ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдарды жасаған;

2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар салықтық кезеңде өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 50 пайызды құрайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.

3

Салықтың асып кету сомасы бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

1) қайтару туралы талапты ұсыну күнінде орындалмаған хабарлама болмағанда;

2) қайтару туралы талапты ұсыну күнінің алдындағы он екі ай ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы болғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге қайтарылуға жатады.

4

Салық төлеушіге салықтың асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару – қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.