Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 10-тарау

123-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу және қайтару тәртібін айқындау және оның негізгі ережелері

Бап мәтіні

1

Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

1) төлем құжатында: салық төлеушінің немесе салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

2) банк ұйымы салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

3) тіркеу есебінде тұрмайтын немесе салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші төлеуді жүргізген сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.

2

Осы бапта көрсетілген қателердің біреуінің бар екендігі расталған кезде салық органы:

1) бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына қате төленген соманы есепке жатқызуды жүргізеді;

2) салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

3

Банк ұйымының сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төлем, өсімпұл сомасын қайта аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындау фактісі расталған кезде салық органы банк ұйымының өтініші бойынша қате төленген соманы:

1) банктік шоттан ақша есептен шығарылған немесе банк ұйымының электрондық терминалы арқылы төлем қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылған жағдайда – салық төлеушінің банктік шотына;

2) ақша банк ұйымына қолма-қол ақшалай енгізілген немесе төлем банк ұйымының электрондық терминалы арқылы қолма-қол ақшалай нысанда жүзеге асырылған жағдайда, банк ұйымының банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

4

Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінде немесе банк ұйымының өтінішінде көрсетілген қателердің бар екенін растамаған кезде салық төлеушіге немесе банк ұйымына тиісті хабарлама ұсынылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.