Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 10-тарау

124-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттеме бойынша заттай нысанда есепке жатқызу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі) осы баптың талаптары сақталған кезде есепке жатқызылуға тиіс. Пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі – есепке жатқызуды жүргізу күніне салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілген пайдалы қазбалар көлемі мен салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілуге жататын пайдалы қазбалар көлемі арасындағы оң айырма.

2

Пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы жеке шоттың мәліметтері негізінде, жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі жеке шотын жүргізу орны бойынша жүзеге асырады.

3

Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі заттай нысанда мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемесі болған кезде салық органы салықтық өтінішсіз, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені өтеу есебіне пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.