Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 7-тарау

98-бап. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығарудың ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебінен жеке тұлғаны шығаруды салық органы осы Кодекстің 5-тарауының 3-параграфында айқындалған тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

2

Жеке тұлға салық органында қағаз жеткізгіште немесе салық органының ақпараттандыру объектілері арқылы оны дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебінен шығарғаны (алып тастаудан бас тартқаны) туралы растама алуға құқылы.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.