64-бап. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері
Бап мәтіні
Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді. Салықтық міндеттемені орындаудың басталуы оқиғаны, заңды әрекетті немесе күнді көрсетумен айқындалған осы міндеттемені орындау мерзімінің өтуі, тиісінше, осындай оқиға, заңды әрекет орын алған немесе күн басталған күннен кейінгі күннен басталады.
Салықтық міндеттеме:
1) қағаз жеткізгіште – белгіленген мерзімнің соңғы күні салық органының немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыс уақытының соңына дейін;
2) электрондық тәсілмен – белгіленген мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін. Бұл ретте, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда осындай күннен кейінгі келесі жұмыс күні салықтық міндеттемені орындаудың белгіленген мерзімі аяқталған күн болып есептеледі.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну бойынша салықтық міндеттемені салықтық кезең аяқталғаннан кейін орындайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.