Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 3-тарау

50-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құжатты салық органына ұсыну тәртібі

Бап мәтіні

1

Салық төлеушінің (салық органының) құжаты салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен (оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы) – қағаз жеткізгіште немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы ұсынылады. Қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті Мемлекеттік корпорация арқылы және хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы ұсынуға жол берілмейді;

2) электрондық тәсілмен (ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда) – электрондық құжат нысанында ұсынылады.

2

Ұсынылу тәсіліне қарай мынадай күн:

1) өзі келу тәртібімен – салық органы немесе Мемлекеттік корпорация құжатты тіркеген күн;

2) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы – осындай ұйымның қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;

3) электрондық тәсілмен (ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда) – салық органының ақпараттық жүйесі орталық торабының салықтық есептілікті қабылдаған күні;

4) электрондық тәсілмен – "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген күн құжаттың салық органына ұсынылған күні болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана отырып салықтық нысандарға қол қоюға және куәландыруға жол беріледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.