Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 3-тарау

49-бап. Салық органының және салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттар мен ақпаратты ұсыну жөніндегі жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Салық органы және салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды және (немесе) ақпаратты осы Кодекстің 50 және 51-баптарында айқындалған тәртіппен береді. Салық органының шешімдері де осы параграфтың мақсатындағы құжаттарға жатады.

2

Құжат және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан мен мазмұнға қойылатын талаптар сақтала отырып беріледі. Құжаттарды және (немесе) ақпаратты электрондық тәсілмен беру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

3

Салық органының шешімдері мынадай нысандарда қабылданады:

1) хабархат;

2) хабарлама;

3) қорытынды;

4) ұсыным;

5) талап;

6) шешім;

7) бұйрық;

8) өкім;

9) акт;

10) қаулы;

11) анықтама;

12) куәлік;

13) хаттама;

14) нұсқама;

15) сертификат;

16) резиденттікті растайтын құжат. Салық органының шешім қабылдау тәртібі, оны ұсыну және орындау мерзімдері осы Кодекске сәйкес белгіленеді.

4

Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, салық органының шешімінде міндетті түрде мынадай ақпарат:

1) күні мен нөмірі;

2) тақырыбы;

3) салық органының сәйкестендіру деректері;

4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері;

5) қабылдану негізі;

6) салық органының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеген және мән-жайларды ашып көрсеткен қорытындысы;

7) осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай шешімнің орындалу тәртібі мен мерзімі;

8) осы Кодексте көзделген орындалу тәртібі мен мерзімін бұзудың салдары қамтылуға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшаларында айқындалған ақпарат салық органының шешімдерінде анықтама, куәлік, хаттама, нұсқама, сертификат және резиденттікті растайтын құжат нысанында көрсетілмеуі мүмкін. Салық органының шешімдері осы Кодексте көзделген жағдайларда қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық органы шешімдерінің нысандарын уәкілетті орган бекітеді. Салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып қабылданатын салық органының шешімдері осындай ақпараттық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.

5

Осы параграфтың құжаттар мен ақпарат алмасу бөлігіндегі ережелері салық органының осы Кодексте ұсынудың ерекше тәртібі айқындалған немесе таратылуына тыйым салынған шешімдеріне қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.