Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 13-тарау

140-бап. Автоматтандырылған бақылауды жүргізу тәртібі

Бап мәтіні

1

Автоматтандырылған бақылау барысында салық органының ақпараттық жүйесінде салықтық есеп-қисап жүргізіледі. Салықтық есеп-қисап мынадай формула бойынша жүргізіледі: Б = ҚҚС1+ҚҚС2+ҚҚС3+ҚҚС4-ҚҚС5-ҚҚС6, мұндағы: Б – салықтың баланстық сомасы; ҚҚС1 – салық төлеуші алған электрондық шот-фактураларда көрсетілген салықтың жалпы сомасы; ҚҚС2 – ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импорт кезінде төленген салықтың жалпы сомасы; ҚҚС3 – бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген салықтың жалпы сомасы; ҚҚС4 – салық бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын салықтың жалпы сомасы; ҚҚС5 – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларда көрсетілген салықтың жалпы сомасы; ҚҚС6 – тауарлар қалдығы түрінде айналымдар жөніндегі салық бойынша тіркеу есебінен алу кезінде есепке жазылған салықтың жалпы сомасы. Салықтық есеп-қисап нәтижелері салық органының ақпараттық жүйесінде және салық шотында көрсетіледі.

2

Салықтық есеп-қисап қорытындысы бойынша, егер электрондық шот-фактурада көрсетілген салық сомасы салықтың баланстық сомасынан аспаса, онда мұндай электрондық шот-фактураға тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі. Тіркеу нөмірі берілмеген электрондық шот-фактура жазып берілмеген болып есептеледі. Салық төлеуші салықтың баланстық сомасын ұлғайту үшін салық шотын өзінің ақшасымен толықтыруға құқылы.

3

Электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылмаған ақша салық төлеушінің банктік шотына оның қаражатты қайтару туралы өтініші бойынша бір жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады. Қайтаруға мәлімделмеген ақша келесі салықтық кезеңнің электрондық шот-фактураларын жазып беруді қамтамасыз ету есебіне пайдаланылады.

4

Есепті салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған қаражат салық төлеу есебіне есепке жатқызылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.