Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 13-тарау

139-бап. Автоматтандырылған бақылаудың жалпы ережелері

Бап мәтіні

1

Автоматтандырылған бақылау – салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызылған салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураға салық органының ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірін берудің автоматтандырылған процесі. Электрондық шот-фактураға тіркеу нөмірін беру кезінде автоматтандырылған бақылау операторының ақпараттық жүйесінде қосылған құн салығын төлеушінің салық шотының деректері (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық шоты) ескеріледі. Автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган бекітеді.

2

Осы параграфтың мақсаттары үшін:

1) қосылған құн салығының (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық) баланстық сомасын есепке алу;

2) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін қамтамасыз ету шотына аударылған салық төлеушінің ақшасының сақталуын қамтамасыз ету;

3) электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аударуды қамтамасыз ету;

4) салық төлеушінің электрондық шот-фактура жазып беру үшін пайдаланылмаған ақшасын қайтару арқылы салық шотын жүргізетін уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға автоматтандырылған бақылау операторы болып танылады.

3

Автоматтандырылған бақылауды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді және олар мыналарды:

1) салық шотын жүргізу тәртібін;

2) салықтың баланстық сомасын есепке алу тәртібін;

3) салық шотын салық төлеушінің толықтыру тәртібін;

4) электрондық шот-фактура жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аудару тәртібін;

5) салық төлеушінің ақшаны қайтару туралы өтінішін беру және оны қарау тәртібі мен мерзімдерін;

6) салық төлеушіге ақшаны қайтару тәртібін;

7) автоматтандырылған бақылауды жүргізу кезеңін қамтуға тиіс.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.