Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 6-тарау

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі

Бап мәтіні

1

Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі – салықтық тәуекелдерді анықтау, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды айқындау мақсатында салықтық әкімшілендіру кезінде салық органы жүргізетін іс-шаралар кешені. Салықтық тәуекел – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалмауының ықтималдығы.

2

Салықтық әкімшілендіру кезінде салықтық тәуекелді азайту жөніндегі шаралар алдын алу және бақылау шараларына бөлінеді. Салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шаралары салық төлеушілерді (салық агенттерін) салықтық нысандарды табыс ету, салықты және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны және (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы жүзеге асырылады. Салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі бақылау шаралары камералдық бақылау, электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау, салықтық бақылау және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып та айқындалады. Салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3

Салықтық тәуекелдерді басқару кезінде алынған ақпарат, сондай-ақ салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібі қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген құпия ақпарат болып табылады. Салық органдарының лауазымды адамдары алынған ақпаратты тек салық органына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады және оларды өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де таратуға құқылы емес. Көрсетілген ақпаратты өзге тұлғаларға, оның ішінде салық төлеушілерге беруге тыйым салынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.