38-бап. Салықтық қатынастарда өкілдік ету
Бап мәтіні
¶ 1
Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға:
1) жеке тұлғаның заңды өкілі;
2) уәкілетті өкіл, оның ішінде оператор арқылы қатысуға құқылы.
¶ 2
Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкілінің болуы құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.