Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 9-тарауМысал барМКК жауабы

116-бап. Қосымша салықтық есептілікті және хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуға байланысты негізгі ережелер

Тәжірибедегі мысал

Тапсырылған декларацияны түзету

2026 жылдың тамызында ЖК бірінші жартыжылдық үшін 7 000 000 ₸ табыспен 910.00 тапсырды, ал қазанда есепке алынбаған 400 000 ₸-лік актіні тапты. Түзету ағымдағы кезең үшін емес, сол кезең — 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қосымша декларациямен жасалады. Онда табыс актіні ескере отырып 7 400 000 ₸ болып көрсетіледі, ал айырмадан салық қосымша төленеді: 400 000 × 4% = 16 000 ₸.

Шартты сандармен берілген Buhpracticum оқу мысалы. Мөлшерлемелер мен мерзімдер — бап мәтіні бойынша; есептеу алдында қолданыстағы АЕК пен өңіріңіздегі мәслихат шешімдерін тексеріңіз.

Бап мәтіні

1

Бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну арқылы жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын көрсету мынадай түрде жүргізіледі:

1) салықтық есептілікте көрсетілген сомалар өзгерген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында нақты сома мен салықтық есептілікте көрсетілген сома арасындағы айырма көрсетіледі;

2) салықтық есептілікте көрсетілген сомаға қатысы жоқ өзге мән өзгертілген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында жаңа мән көрсетіледі. Қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынған кезде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің сомалары салық төлеушіні (салық агентін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай төлеуге жатады.

2

Таратудың салықтық есептілігін ұсынғаннан кейін салық төлеушінің (салық агентінің) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуына жол беріледі. Аяқталмаған салықтық кезең үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған таратудың салықтық есептілігі мынадай:

1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін қызметті тоқтату немесе тарату, бөлу арқылы қайта ұйымдастыру туралы шешім өзгерген;

2) дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылғанға дейін қызметін тоқтату туралы шешімді өзгерткен;

3) дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жағдайларда, салықтық кезеңдегі кезекті салықтық есептілікке теңестіріледі.

3

Мынадай:

1) нұсқамада көрсетілген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексерулерді жүргізу кезеңінде (тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салықтық кезеңдегі;

2) шағымда көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру және шағымын қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салықтық кезеңдегі;

3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген;

4) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей – есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші және төртінші тоқсандары үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

5) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған адамдардың активтер мен міндеттемелер туралы салықтық есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуына жол берілмейді.

МКК: сұрақ — жауап

Декларацияда қате жібердім — қалай түзетемін?

Түзетулер қатысты болатын салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті (немесе хабарлама бойынша есептілікті) тапсырыңыз. (116-баптың 1-тармағы)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, өтініштерге жауаптар, 15.09.2025; МКК мына норма бойынша жауап берген: 2017 ж. Кодекстің 211-бабының 1-тармағы. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.